Алматыда болған әйелдер төбелесін полиция тексеруде

15:20, 23 мамыр 2019

Полиция хабарлағандай, Алматыдағы ықшамаудандардың бірінде болып, әлеуметтік желілерде жылдам тарап кеткен төбелес фактісі бойынша тексеру басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнежазбада айтылатындай, әйел жүрігузіші көлігін тура дүкен есігінің алдына қойып кеткен. Содан қолында емшектегі баласы бар екінші әйел дүкенге кіре алмай, көліктің сигнализациясын қосу үшін дөңгелегінен тепкен.

Ал көлік иесі балалы әйелге тап беріп, жұдырық жұмсаған. Жәбірленуші телефонын шығарып, көліктің нөмірін түсіруге тырысады.

ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір тексеру жүріп жатыр. Содан кейін көлік иесінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

– 18 мамырда 1976 жылғы К. есімді азаматшаға шағымданып 1993 жылғы И. есімді азаматша арыз жазды. Соңғысының жұдырық жұмсағаны расталмады. Куәгерлердің айтқандары бейнематериалға қосылды. И. сот-медициналық сараптамаға бағытталды, соның қорытындысы бойынша денсаулығына келген зақым анықталады, тиісінше, К. есімді азаматшаның әрекетіне құқықтық баға беріледі, – деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!