Алматыда бес көлік соқтығысты
© Сурет: Zakon.kz
8 қарашаға қараған түні Алматыда жаппай жол апаты тіркелді. Шығыс айналма автожолында, Төле би көшесіне жете берісте бес автокөлік соқтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арнайы тілшіміздің мәліметінше, оқиға орнында бір мезетте екі жол-көлік оқиғасы тіркеліп отыр.
Шығыс айналма жолымен солтүстік бағытта келе жатқан Audi A4 көлігінің жүргізушісі Төле би көшесіне жетпей, рөлге ие бола алмай Kia Sportage көлігімен соқтығысқан.

Сурет: Zakon.kz
Соққыдан кейін екі көлік әр жаққа ұшып кеткен. Сол сәтте Kia көлігі JETOUR X50 автокөлігіне соғылып, кейін жолдың бөлу жолағындағы темір қоршауға соғылып тоқтаған.

Сурет: Zakon.kz
Араға 10-15 минут салып, темір қоршау маңында сол жақ жолақта тұрған Kia көлігіне бірінен соң бірі Hyundai Lafesta және Mercedes-Benz көліктері келіп соғылған.

Сурет: Zakon.kz
Соқтығысқан соң Hyundai мен Mercedes те әр бағытқа ұшып кеткен.

Сурет: Zakon.kz
Оқиға салдарынан бес көлік жолдың жүріс бөлігін жауып, көлік қозғалысын қиындатқан. Күн суық әрі көктайғақ болуына байланысты жолда апаттық жағдай қалыптасты.

Сурет: Zakon.kz
Абырой болғанда, екі жол апатында да ешкім зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта оқиға орнында жол полициясы мен ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп, жолды көліктерден тазартып, қозғалысты қалпына келтірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:40, 28 шілде 2026
Оралдың бір бөлігін қою түтін басты: қалада төтенше жағдай режимі енгізілді
-
17:31, 28 шілде 2026
Ақсу қаласының жаңа әкімі тағайындалды
-
17:24, 28 шілде 2026
Алматыда ПИК пен МИБ жұмысына қойылатын талаптар күшейтіледі
-
17:20, 28 шілде 2026
Қазақстанда аптап ыстық пен бұршақ аралас жаңбыр болжанып отыр
-
17:16, 28 шілде 2026
Алтайда мас күйінде көлік айдаған ресейлік әйелдің кесірінен екі қазақстандық қаза тапты





