Қазақстанда пойызды абайсызда тоқтатқан шетел азаматына айыппұл салынды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтөбе облысында жолаушының абайсыз әрекетінен жолаушылар пойызы шұғыл тоқтатылды. Салдарынан пойыз қозғалыс кестесінен ауытқып, 19 минутқа кідірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 24 қарашада Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, оқиға Қандыағаш пен Жем станцияларының аралығында болған.
Қандыағаш станциясында тәртіп сақшылары пойыздың шұғыл тежеу тұтқасын (стоп-кран) абайсызда тартып қалған 51 жастағы шетел азаматын жауапкершілікке тартты.
"Биыл жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуіне қатысты 1383 жағдай тіркелді. Оның 15-і шұғыл тежеу тұтқасын негізсіз іске қосу салдарынан болған. Мұндай әрекеттер пойыздардың қозғалыс кестесін бұзып қана қоймай, жолаушылар мен пойыз бригадасының қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді. Тіпті ауыр жарақат алуға себеп болуы мүмкін", – делінген ведомство хабарламасында.
Осыған байланысты полицейлер шұғыл тежеу тұтқасын тек төтенше жағдайларда пайдалануға болатынын еске салып, теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Бұған дейін Қазақстанда мал жаю және малды теміржол арқылы айдап өткізу қағидаларын бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері екі есеге ұлғайтылуы мүмкін екені хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
08:56, 25 қараша 2026
Ақтауда айналымы 63 млн теңгеден асқан жасырын ойынхана анықталды
-
08:18, 25 қараша 2026
«Әке үміті»: Шымкентте ән мен жыр тоғысқан тағылымды кеш өтті
-
22:58, 24 қараша 2026
Қазақстан қысқа қашықтықта жүзуден әлем чемпионатына қатысады
-
22:27, 24 қараша 2026
Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды
-
21:54, 24 қараша 2026
Алматы-1 вокзалы жақын күндері ашылады





