Алматы полициясы GSM терминацияға арналған алаяқтық жабдығы бар пәтерді анықтады

15:05, 29 наурыз 2024

© Сурет: Zakon.kz

Алаяқтық тізбегін Алматы CyberPol анықтады. Жабдықтары бар "кеңсе" Алматының шетіндегі көпқабатты үйде орналасқан.

"Пәтерде GSM терминацияға арналған 64 слоттары бар SIM-box жабдығы табылды. Бұл жабдықтың аппараттық модульдерінің бірі. Оның негізгі қызметі – SIM карталарының жиынын сақтау. Яғни Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан операторлар, бірақ қоңырау шалу үшін қазақстандық оператор қажет, сондықтан белгілі бір сомаға слотта орналасқан және арнайы деректер базасына қосылған нөмірді сатып алады", – деді Алматы қалалық ПД бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.

Арнайы іс-шара барысында полицейлер осы нөмірлерді SMS-хап қызметі арқылы пайдаланып, алаяқтық әрекеттерге барған шағын АТС ұйымдастырушысы 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Жалпы материалдық шығын 10 миллион теңгеден асады. Полиция қызметкерлері әртүрлі ұялы байланыс операторларының көптеген SIM-карталарын, телефон нөмірлері бар мәліметтер базасын және басқа да түрлі құрылғыларды тәркіледі. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!