21 қазандағы саудада доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
© Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 21 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,91 теңгеге төмендеп, 448,6 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 5,46 теңгеге дейін өсті (+0,01).
Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 67,26 теңге болды (-0,25).
Ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 447,8 теңге, сату бағамы – 450 теңге. Еуроны сатып алу бағамы – 502 теңге, сату бағамы – 507,4 теңге. Рубльді сатып алу бағамы – 5,25 теңге, сату бағамы – 5,36 теңге.
21 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы өсіп жатыр.
Лондонның ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 1,76 долларға қымбаттап, 110,55 долларға жетті.
Нью-Йорктің NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 1,46 долларға қымбаттап, 99,28 доллар болды.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 450,69 теңге, еуроны 505,04 теңге, рубльді 5,45 теңге деп белгіледі.
21 қазанның бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында шетел валютасының қандай бағаммен сатып алынып, сатылғанын осы жерден көруге болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 21 қазан 2026
Депозиттердің табыстылығы төмендеп жатыр: банктер қазанда салымыңызға қанша сыйақы төлейді
-
16:52, 21 қазан 2026
Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады
-
16:46, 21 қазан 2026
Еңбек күшін арттыру мақсатында адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидалары жаңартылды
-
16:40, 21 қазан 2026
«Жібек жолы» өткізу пунктін кім қаржыландырып жатыр
-
16:35, 21 қазан 2026
Дербес деректер тарап кетсе, өтемақыны қалай алуға болады





