Алматы облысындағы «Молл Апорт» сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны хабарланды

20:16, 28 тамыз 2024

© Сурет: Zakon.kz

Белгісіз біреулер 28 тамызда Алматы облысындағы "Молл Апорт" сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы анонимді хабарлама берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы ПД мәліметінше, сағат 15:45-те облыстық ТЖД-ның электронды поштасына жарылғыш құрылғы туралы анонимді хабарлама келіп түскен.

"Ғимаратта болған 3500-ден астам адам дереу эвакуацияланды. Оқиға орнына саперлер, кинологтар және басқа да мамандар шүғыл жетіп, барлық жерді жіті қарап шықты. Тексеру жұмысы сағат 19:20-да аяқталды, ақпарат расталмады", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны нақтыланады.

"Анонимнің жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!