Алматы облысындағы мектептерге жөндеу жүргізген құрылысшылар жалақысыз қалды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы облысында қос мектепке күрделі жөндеу жүргізген құрылысшылар жарты жылдан бері еңбекақыларын ала алмай келеді. Бүгінде олар жұмысты бел ортасынан тоқтатып, жалақысын даулап шенеуніктердің есігін қағып жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.
KTK ақпаратынша, құрылысшылар Нұра және Белбұлақ ауылдарындағы мектептерде күрделі жөндеу жасаған. Сол еңбегінің ақысына былтырдан бері қол жеткізе алмай, 50-ге тарта құрылысшы әбден қарызға батқан.
Құрылысшылар бүгінге дейін:
- нысанның терезесі мен шатырын ауыстырған,
- еденін қалпына келтірген,
- коммуналдық желілерді жаңалаған,
- сейсмоқауіпсіздікті арттырған.
Қаржысын даулап барған жұмысшыларды әкімдік "жалақыны келісімшарт жасасқан компания төлеуі тиіс, біз жауапты емеспіз"- деп шығарып салған.
Инженер Ильяс Наврузовтың айтуынша, жауапты SHEBERBUILD компаниясы кеңсесін қайта-қайта өзгертіп жатыр. Соңғы мекенжайы да белгісіз. Бұған қоса, директоры да алты рет ауысқан көрінеді. Қазір компанияның жұмысшылар алдындағы берешегі 97 миллион теңгеге жеткен.
"Олардың бар айтатын сылтауы "шотымыз бұғаттаулы",- дейді Наврузов.
Айта кетейік, жұмыс уақытылы жүргізілмегендіктен бүгінде әкімдік пен SHEBERBUILD компаниясы арасындағы келісімшарт бұзылған.
Бұған дейін Шымкентте қаңғыбастардың атына 23 млн теңгеге жуық несие рәсімделгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:47, 17 қаңтар 2025
«Қалың қар жауып, аяз болады». Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы
-
18:27, 17 қаңтар 2025
Ауа райы болжамы: 18 қаңтарда қай өңірлерде қар жауатыны болжанады
-
18:18, 17 қаңтар 2025
Қазақстан жанар-жағармай мен дизель отынына қолданылатын мемлекеттік реттеудің күшін жоймақ ниетте
-
18:11, 17 қаңтар 2025
Тоқаев халықаралық ауыр атлетика федерациялары басшыларымен кездесті
-
18:11, 17 қаңтар 2025
Тоқаев Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президентін қабылдады