Алматы облысындағы әскери жаттығу кезінде әскери қызметкер қайтыс болды

09:55, 16 қыркүйек 2021

© Сурет: pexels.com

14 қыркүйекте Алматы облысында әскери жаттығу кезінде ҚР Қарулы Күштердің әскери қызметкері, 1990 жылғы капитан қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол парашютпен секіру кезінде опат болды.

Марқұмға қатысты қалған жеке мәліметтер туыстарының өтініші бойынша жария етілмейді. Ол бұрыннан 50-ге жуық парашютпен секіруді орындап, апаттық-құтқару десантшылар тобының құрамында болып келген.

Өлімнің нақты себептері мен мән-жайы анықталуда.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы марқұмның отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету үшін қажетті шараларды қабылдайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!