Саран әкімдігі жаңа қазандықты іске қосу кезінде қандай қателік жіберді

11:41, 30 қазан 2024

© Фото: pexels

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Саран қаласының әкімдігі жаңа қазандықты іске қосу кезінде апат болған жағдайда резервтік қуаттарды қарастырмағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Роман Скляр 30 қазанда Мәжілістің кулуарында мәлімдегендей, апаттан кейін 2,5 күн ішінде жылу беру резервтік қуатқа ауыстырылды.


"Әкімдіктің қателігі — олар резервті қарастырмады, тамыз айында өткізілген сынақтардан кейін республикалық бюджеттен 9 млрд теңге бөлініп жасалған жаңа қазандық жұмыс істейді деп күтті. Бірақ резервті сақтау керек еді", — деді Роман Скляр.

Өз кезегінде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев төтенше жағдай орнында құрылған жедел штаб резервтік жылыту жүйесін пайдалану туралы шешім қабылдағанын айтты. Барлық үйлер мен әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді жергілікті қазандықтарға ауыстыру қамтамасыз етілді.

"Комиссия өз қорытындыларын жасады: осы қазандықты іске қосу кезінде біраз технологиялық нормалар бұзылды, станцияны жобалауға және пайдалануға беруге байланысты мәселелер туындаған. Сондай-ақ, Энергетика министрлігінің келісімінсіз іске қосу операцияларын жүргізбестен үйлерді қайта қосу бойынша жұмыстар жүргізілді. Осыған байланысты қала басшылығына тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды", — деп атап өтті министр.

Бұған дейін жіберген олқылық үшін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Тілектес Досаев қатаң сөгіс алғаны хабарланған болатын. Ал, 29 қазанда Саран қаласының әкімі қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!