Алматы облысында стоматолог МӘМС жүйесінен 65 милионнан астам теңгені заңсыз иемденген
© Фото: unsplash
Алматы облысының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қаражатын заңсыз алу дерегін анықтады. Нәтижесінде жалған медициналық қызметтер үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 65,9 млн теңге төленгені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру барысында екі жеке стоматологиялық клиниканың директоры пациенттердің жеке деректерін пайдаланып, медициналық ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізгені анықталды.
«Құжаттарда туа біткен патологиясы бар балаларға ортодонтиялық қызметтер көрсетілгені жазылған. Осы мәліметтердің негізінде клиникалар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатынан төлем алған. Алайда іс жүзінде аталған қызметтер көрсетілмеген», – делінген қадағалау органының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі хабарламасында.
Прокуратура тексерген материалдар бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қонаев қаласының соты кінәлі адамға қатысты айыптау үкімін шығарды.
Мемлекетке келтірілген 65,9 млн теңге көлеміндегі залал толық өтелді.
Айта кетейік, бұл МӘМС қаражатына қатысты анықталған жалғыз жағдай емес. Бұған дейін де осындай заңсыз іс-әрекеттер әшкереленген. Мәселен, 3 тамызда Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгені қамтыған ауқымды алаяқтық әрекеттер анықталғаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:05, 1 қыркүйек 2026
Алматыда қай жерде тегін жүгірумен айналысуға болады
-
13:58, 1 қыркүйек 2026
«Арсенал» маусым басындағы үш ойында да гол жібермей жеңіске жетті
-
13:46, 1 қыркүйек 2026
Энрике Иглесиастың концерті қарсаңында астаналықтарға жақсы жаңалық айтылды
-
13:39, 1 қыркүйек 2026
«Өмір бойы есімде қалады»: Қырғызстандағы Көшпенділер ойындарының ашылуы жұртты тәнті етті
-
13:29, 1 қыркүйек 2026
Қызылордада рақымшылық аясында 30-дан астам сотталған бостандыққа шықты





