Алматы облысында полицейлер алаяқтықтың жаңа эпизодтарын әшкереледі
© Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының құқық қорғау қызметкерлері тергеу барысында қамауға алынған адамның алаяқтыққа қатысты екі жаңа эпизодын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
17 желтоқсанда Қонаев қаласының полиция бөліміне екі жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Олар белгісіз біреудің жеңілдетілген несие рәсімдеуге көмек көрсетемін деген желеумен өз аттарына алаяқтық жолмен қомақты сомада несие алғанын хабарлады.
Жәбірленушілердің айтуынша, несие көлемі 5 367 541 және 1 758 000 теңгені құрағанТергеу материалдарына сәйкес, күдікті азаматтарға жеңілдетілген шарттармен несие алып беремін деп уәде беріп, сенімдеріне кірген. Алайда ол құжаттарды пайдаланып, жәбірленушілердің атына несие рәсімдеп, қаражатты өз пайдасына жымқырған.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты жаңа қылмыстық істер қозғалып, оның алаяқтық әрекеттерге қатысы барлығы 19 эпизод бойынша дәлелденген. Ол қамауда, тергеу жалғасып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:53, 19 желтоқсан 2024
Полицейлер эпилепсиямен ауыратын әйелге алғашқы көмек көрсетті
-
22:19, 19 желтоқсан 2024
Екібастұзда жылу коллекторында әйел адамның денесі табылды
-
21:56, 19 желтоқсан 2024
Атырауда базарда зейнеткерді ұрып өлтірген кәсіпкер сотталды
-
21:21, 19 желтоқсан 2024
Павел Колмаков фристайл-могулдан Бакурианиде өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде іріктеуден өтті
-
20:47, 19 желтоқсан 2024
Қар, тұман, көктайғақ: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды