Павел Колмаков фристайл-могулдан Бакурианиде өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде іріктеуден өтті

21:21, 19 желтоқсан 2024

© Сурет: olympic.kz

Фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңі Грузияның Бакуриани қаласында өтіп жатыр. Olympic.kz хабарлауынша, ерлер арасындағы іріктеу сайысына Қазақстан құрамасынан Павел Колмаков, Антон Бондарев, Федор Бугаков және Максим Емельянов қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нәтижесінде негізгі жарысқа тек Павел Колмаков өтті. Ол іріктеу кезеңін 15-орында аяқтап, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды. Ал Бондарев 36-орын, Бугаков 38-орын, Емельянов 42-орын иеленді.

Іріктеу кезеңінде бірінші орынды канадалық спортшы Микаэль Кингсбери жеңіп алды.

20 желтоқсан күні ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей жарыста медальдар сарапқа салынады.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!