Алматы облысында көлік жүргізушісі аялдамадағы екі адамды қағып өлтірді

13:45, 12 мамыр 2024

© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысы Іле ауданында автокөлік жүргізушісі жылдамдықпен автобус аялдамасына кіріп кетіп, екі адамды қағып өлтірді.

12 мамырға қараған түні Байсерке ауылын патрульдеу кезінде "Бүркіт-35" экипаж қызметкерлері ЗИЛ-131 автокөлігінің жүргізушісін мас халде болуы мүмкін екеніне күмәнданды.

Жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлерінің "тоқта" деген талабын елемей, керісінше асырынуға тырысты, салдарынан жүк көлікті басқарған 49 жастағы ер адам автобус аялдамасына жылдамдықпен кіріп кетті.

Аялдамада тұрған екі адам оқиға орнында көз жұмды, үшеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!