Алматы облысында киберқылмыстарды ашу көрсеткіші екі есе артты
© Фото: pixabay
Алматы облысында IT-технологиялар саласындағы қылмыстарды әшкерелеу көрсеткіші 52,6%-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда шамамен екі есеге артты. Бұл туралы облыстық Киберқылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Сайлаухан мәлімдеді.
Бұл жетістік – профилактикалық шаралардың жүйелі ұйымдастырылуы мен киберполиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесі. Ішкі істер министрлігінің 2023–2025 жылдарға арналған "Телефон және интернет алаяқтықтарына қарсы іс-қимыл" бағдарламасы аясында өңірде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда.
"Наурыз айында киберполиция қызметкерлері ауқымды жұмыстар жүргізді. Ұрланған ақшалай қаражатты криптовалютаға айналдырумен айналысқан дропперлердің ұйымдасқан топтары анықталып, залалсыздандырылды. Сонымен қатар 20-дан астам профилактикалық акция өткізілді, 12 мыңнан астам жадынама таратылды. Облыс аумағында ақпараттық қауіпсіздікке қатысты ескерту сипатындағы билбордтар, стендтер және LED-экрандар орнатылды", – деді Қуаныш Сайлаухан.
Кибергигиенаға қатысты 25 мектепте арнайы сабақтар ұйымдастырылып, колледж студенттерімен және мешіт жамағатымен кездесулер өтті. Әлеуметтік желілерде интернет-алаяқтықтан қорғану жөнінде бейнероликтер мен полиция басшылығының үндеулері жарияланып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған мақалалар жарық көрді.
Бұдан бөлек, Anti-Fraud платформасы арқылы полиция қызметкерлері жалпы сомасы 15 миллион теңгеден астам қаражаттың заңсыз аударылуына жол бермеді. Ұрланған қаражаттың бір бөлігі иелеріне қайтарылды. Сондай-ақ бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау жұмыстары да белсенді жалғасуда.
Профилактикалық шараларға жастар ұйымдары мен еріктілер де белсенді қатысуда. Мәселен, Қонаев қаласында "Жастар рухы" еріктілері "Алаяқтықтан қалай қорғануға болады?" атты кең көлемді ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды.
Алматы облысында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын таппақ. Бұл бағыттағы іс-шаралар облыстық полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:08, 20 желтоқсан 2025
Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:43, 20 желтоқсан 2025
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілмейді
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады





