Алматы облысында індет ошағы тіркелген елді-мекен атаулары жарияланды

12:45, 28 наурыз 2020

Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы үш жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстың үш аймағында коронавирус бойынша бір-бірден жаңа факті тіркелді.

Бірінші жағдай - 1957 жылы туылған әйел, Іле ауданындағы уақытша ауруханада карантинге орналастырылған.

Екінші жағдай Жамбыл ауданында тіркелген. 1997 жылғы бойжеткен 20 наурызда Оңтүстік Кореядан "Ие Чоу-Алматы" рейсімен келді.

Үшінші науқас - 1995 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны. Ол - жүктіліктің 21-22 аптасында.

Барлық науқастар Қарасай жұқпалы ауруханасында емделіп жатыр.

Облыс әкімі Амандық Баталов осы үш аумақта зарарсыздандыру шараларын күшейтуді тапсырғанын баса айта кетелік.

Алматы облысында бүгінгі таңда коронавирус инфекциясының 4 жағдайы анықталған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!