Алматы облысында ер адам екі көліктің астына түсіп, мерт болды

© Сурет: polisia.kz
Белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған 45 жастағы астаналық жігітті тізгінінде 29 жастағы Талғар тұрғыны болған Mitsubishi Carisma көлігі қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қатты соққы салдарынан көлік те, жаяу жүргінші де жолдың қарсы бетіне ұшып түскен. Ал сол жолмен келе жатқан ВАЗ-2114 көлігі алдымен жаяу жүргіншіні қағып, одан соң көлікке соғылған. Екінші көліктің тізгінінде Еңбекшіқазақ ауданының 31 жастағы тұрғыны болған.
Салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Марқұм Жамбыл ауылына анасының үйіне қонаққа келген. Қаралы ана ұлының Еңбекшіқазақ ауданына қалай тап болғанын білмейді. Түнде ол өз жұмысымен үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен.
Аталған факт ҚР Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді. Жол апатының себебі - қараңғы уақытта жаяу жүргіншінің белгіленбеген жерден жол үстіне шығуы. Сондай-ақ жол оқиғасына қатысушылардың барлығына қатысты медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша әрқайсысының алкоголь тұтынған-тұтынбағаны анықталады. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:54, 26 мамыр 2022
Маймыл шешегі келесі пандемияны жариялауға түрткі болып жүрмей ме – ДДСҰ жауабы
-
23:36, 26 мамыр 2022
Алимент төлемей жүрген үш қостанайлық қылмыстық жауапкершілікке тартылды
-
22:50, 26 мамыр 2022
Молдованың экс-президенті 30 күнге үйқамаққа алынды
-
22:40, 26 мамыр 2022
Алматы маңында жер сілкінді
-
21:55, 26 мамыр 2022
Екібастұзда балаларына жақтасып, қызыл кеңірдек болған әйелдерге айыппұл салынды