Алматы облысында екі оқушы қыз жоғалып кетті

16:43, 22 қаңтар 2020

Алматы облысы Ескелді ауданының екі оқушысы Ару Бекберді мен Талшын Қызырбай бір тәуліктен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаментінің хабарлауынша, 21 қаңтар күні, кешке Ескелді аудандық полициясына Алдабергенов ауылында тұратын 2006 және 2008 жылы туған екі баланың мектепке кетіп, оралмағаны туралы шағым түсірген.

"Дабыл бойынша аудандық полицияның барлық жеке құрамы іздеуге шықты. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар, педагогтар мен еріктілер де іздестіруге жұмылдырылды. Кенттегі барлық қараусыз қалған үйлер, шатырлар, жертөлелер және жақын орналасқан елді мекендер тексеріліп жатыр. Іздестіру жұмыстары сондай-ақ, Талдықорған мен Алматы қалаларында да ұйымдастырылған, Оларға ювеналды полиция инспекторлары, аудандық және облыстық полиция іздестіру бөлімдерінің жедел уәкілдері тартылған" - делінген таратылған хабарламада.

Жоғалған қыздардың фотосуреттері мен белгілері барлық полиция бөлімшелеріне жіберіліп, әлеуметтік желілерде орналастырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!