Алматы облысында әйелін аяусыз өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

09:47, 16 қыркүйек 2021

© Сурет: zakon.kz

Алматы облысының полиция қызметкерлері әйелін аяусыз өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл 12 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен Алматы каналынан ер адам әйелдің мәйітін тауып, полицияға хабар берді. Бұл факт қылмыстық істердің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу-жедел тобы оқиға орнына шұғыл жетті. Ақпарат расталды, - деп жазды Алматы облысы ПД басшысы Серік Күдебаев Facebook -те.

Еңбекшіқазақ аудандық ПБ жүргізілген тексеру барысында мерт болған әйелдің 37 жастағы Талғар қаласының тұрғыны екені анықталды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен әйелдің 48 жастағы күйеуі ұсталды.

Ұсталған ер адам 6 қыркүйекте өзара жанжал кезінде әйелін сабап, өлтіріп алғанын, қылмысын жасыру үшін оның денесін Үлкен Алматы каналына апарып, лақырып жібергенін мойындаған. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жария етуге жатпайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!