Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып Елжан Чупеков тағайындалды
© Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып полиция полковнигі Елжан Қалиұлы Чупеков тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция полковнигі Чупеков ішкі істер органдарында 1993 жылдың наурызынан бастап қызмет етеді. Еңбек жолын Алматы қаласы ІІД МАИ ЖПҚ жеке батальоны жол-патрульдік қызметінің инспекторынан бастады.
Алматы мен Астана қалаларында түрлі басшылық лауазымдарда қызмет еткен. Осы уақытқа дейін Астана қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы лауазымында жұмыс атқарды. Департамент бастығының бірінші орынбасары жергілікті және әкімшілік полицияның, көші-қон қызметінің, патрульдік полицияның және күзет қызметін бақылау бөлімшесіне жетекшілік етеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





