Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

13:08, 26 тамыз 2024

© Сурет: Instagram/almobl_akimat

Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Болат Күреңбеков лайық деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы облыс әкімдігі 2024 жылғы 26 тамызда ресми ақпарат таратты.

"Алматы облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Болат Қайратұлы Күреңбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды", — делінген Алматы облысының әкімдігінің Instagram парақшасында жарияланған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың маусым айынан бастап Алматы облысының әкімі қызметін Марат Сұлтанғазиев атқарып келеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!