Алматы мен Шымкентті тұман басып, Астанада қар жауады деп күтілуде - 29-31 қазандағы ауа райы болжамы
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнде – 2024 жылдың 29-31 қазан аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанада:
29 қазан – көшпелі бұлтты, күндіз – аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең – тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -1-3°С аяз, күндіз +2+4°С жылы.
30 қазан – көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3°С аяз, күндіз +2+4°С жылы.
31 қазан – көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°С аяз, күндіз +2+4°С жылы.
Алматыда:
29 қазан – бұлтты, жауын-шашынсыз, кешке тұман. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°C, күндіз +7+9°C.
30 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +8+10°C.
31 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°C, күндіз +11+13°C.
Шымкентте:
29 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +9+11°C.
30 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +9+11°C.
31 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +12+14°C.
Бұған дейін синоптиктер Атлантикалық циклон Қазақстанды 2024 жылдың қазан айының соңында соғады деп хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:50, 28 қазан 2024
Бишімбаевтың жазасын жұмсартуға қол жеткізуді уәде еткен астаналық әйел 10 жылға сотталды
-
17:38, 28 қазан 2024
Үнді миллионері 48 млрд теңге болатын ақшасын иті мен екі көмекшісіне мұраға қалдырған
-
17:22, 28 қазан 2024
Семейде темекі тұтатқыш-тапаншамен сатушыны қорқытып, шарап ұрлаған ұры ұсталды
-
17:12, 28 қазан 2024
Әсет Шонов ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды
-
16:54, 28 қазан 2024
Талдықорғанда мас жүргізуші үш көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кетті