Семейде темекі тұтатқыш-тапаншамен сатушыны қорқытып, шарап ұрлаған ұры ұсталды

17:22, 28 қазан 2024

© Сурет: pixabay

41 жастағы ер адам дүкенде сатушыны қорқытып, құны 1 200 теңге тұратын екі бөтелке шарапты ұрлап кеткен. Ол Pietro Beretta маркалы тапанша түріндегі темекі тұтатқышты бопсалау құралы ретінде пайдаланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жүргізілген іс-шаралар барысында ол ұсталды, ал ұрланған шарапты ішіп үлгерген екен.

Бұған дейін ер адам ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Оған қатысты жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе мүлкін тәркілей отырып, бас бостандығын шектеу жазасы қолданылуы мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!