Алматы мен Астанадан Дубайға рейстер қайта ашылады
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанның ірі әуе компаниясы Air Astana 2026 жылғы 16 қыркүйекте Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласына ұшуды жоспарлап жүрген жолаушыларға жағымды жаңалық жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуе компаниясының Telegram-арнасында жарияланған мәлімдемеге сәйкес:
"Air Astana 2026 жылғы 1 қазаннан бастап Алматы – Дубай – Алматы, ал 2 қазаннан бастап Астана – Дубай – Астана бағыттарындағы тұрақты рейстерді қайта орындауды жоспарлап отыр".
Қазан айында рейстер жиілігі біртіндеп артатыны да айтылды:
- Алматы – Дубай – Алматы бағытындағы рейстер саны аптасына төрт рейстен басталып, ай соңына дейін 12 рейске дейін көбейеді;
- Астана – Дубай – Астана бағытындағы рейстер саны аптасына үш рейстен басталып, ай соңына дейін 10 рейске дейін артады.
"Әуе компаниясы өңірдегі жағдайды бақылап отыр. Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты ұшу кестесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларға хабарланады", – мәлімдеді Air Astana.
Бұған дейін Air Astana Дубайға орындалатын рейстер туралы 18 тамызда хабарлаған еді. Сол кезде әуе компаниясы бұл бағыттағы рейстердің 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін тоқтатылатынын мәлімдеген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:17, 16 қыркүйек 2026
10 млн теңгеден астам ақша: полиция алаяқтардың курьерін төрт сағатта тапты
-
13:10, 16 қыркүйек 2026
ШҚО-да арнайы техника өзенге құлап, жүргізуші жоғалып кетті
-
13:01, 16 қыркүйек 2026
«Мен үш ұлдың анасымын»: Ерке Есмахан келбетіне қатысты сын айтқандарға жауап берді
-
12:52, 16 қыркүйек 2026
Тоқаев Кореяда оқып, еңбек етіп жүрген қазақстандықтармен кездесті
-
12:43, 16 қыркүйек 2026
Қарағанды облысының тұрғындарынан 16 қыркүйекте сабыр сақтауды сұрады





