Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісіне Денис Теннің қосқан үлесі туралы айтты

14:59, 15 ақпан 2026

© Фото: zakon.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада-2026 ойындарының "алтынын" жеңіп алып, ел тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марапаттау рәсімінен кейін өткен баспасөз мәслихатында Шайдоров журналистердің Олимпиада-2014-тің қола жүлдегері Денис Тен туралы сұрағына жауап берді.


"Меніңше, Денис Тен тек маған емес, жалпы Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау спортына әсер етті. Ол көптеген спортшыға, соның ішінде маған да жол ашты. Бұл өте маңызды. Бүгін мен жеңіп алған бұл медаль жас буынға, яғни қазақстандық балаларға жаңа мүмкіндіктердің есігін ашады деп үміттенемін. Олар үшін ешқандай шектеу жоқ екенін біледі", – деді қазақстандық спортшы.

Еске салайық, бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанғанын хабарлаған едік.

Қазақстан Италиядағы Олимпиада ойындарының медаль кестесінде 15-орынға көтерілді.

Vogue Italia журналы Михаил Шайдоровтың қысқа бағдарламада киген жарыс костюмі жоғары бағалады.

Шайдоровтың өзі бұл жеңісін Қазақстан халқына арнады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!