Алматы әуежайында FlyArystan ұшағы өртеніп, бір адам зардап шекті
© Сурет: Telegram/kozachkow
Бүгін, 2026 жылғы 28 тамызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan лоукостерінің ұшағы өртенген сәттің видеосы тарады. Оқиғаға Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өртенген әуе кемесінің видеосын журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында жариялады.
"Air Astana тобы 28 тамызда Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуе кемесіне жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде өндірістік оқиға болғанын растайды. Жұмыс барысында жергілікті өрт шығып, оны әуежайдың төтенше жағдайлар қызметі жедел сөндірді. Air Astana тобының қызметкері жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол ауруханадан шығарылды", – делінген Air Astana тобының мәлімдемесінде.
Оқиға кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар мен экипаж мүшелері болмағаны нақтыланды.
"Әуе кемесін пайдалануға уақытша тыйым салынды. Қазіргі уақытта келтірілген зақым көлемі бағаланып, қажетті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Air Astana тобы Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп, өндірістік оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", – деп қорытындылады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
2026 жылғы 18 тамызда қазақстандық Air Astana әуе компаниясы мен оның еншілес тасымалдаушысы FlyArystan Дубайға рейстердің тоқтатылу мерзімі ұзартылғанын хабарлаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:39, 28 тамыз 2026
Сәтбаев қаласында тазалық акциясы өтті
-
15:32, 28 тамыз 2026
Ерлан Қарин: Конституциялық реформа мен сайлау үлкен саясатқа жаңа тұлғалардың келуіне жол ашты
-
15:20, 28 тамыз 2026
Әйелін өлтірмек болған ер адам анасын құтқаруға келген өгей ұлын пышақтап өлтірді
-
15:13, 28 тамыз 2026
Таиланд заң бұзған шетелдіктерді депортациялау тәртібін күшейтті
-
15:02, 28 тамыз 2026
Айбек Дәдебай Қазақстан Құрылтайының төрағасы болып сайланды





