Алматы әкімі Наурызбай ауданындағы жаңа әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдар мәселесін шешуді тапсырды
© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Наурызбай ауданы тұрғындарының ұсынысын тыңдап, көріктендіру мен демалыс орындары бойынша тапсырмалар берді
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданында жұмыс сапарымен болып, білім беру, жылумен қамтамасыз ету, қауіпсіздік және тұрғын үй құрылысы салаларындағы басым жобалардың іске асырылуымен танысты.
Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында қала тұрғындары қалалық ортаны жақсарту бойынша ұсыныс айтты. Атап айтқанда, сауда-ойын-сауық орталығының, театрдың құрылысын салу, демалыс пен серуендеуге арналған аймақтарды ұйымдастыру туралы өтініштер айтылды.
Дархан Сатыбалды бос уақытты тиімді өткізу идеясын қолдап, қала жобалары халықтың нақты қажеттіліктерін ескеруге тиіс екенін атап өтті.
Сондай-ақ, тұрғын үйлердің ауласындағы көлік тұрақтарының ретсіз орналасу мәселесіне тоқталып, тұрақ орындарын ретке келтіру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Дархан Сатыбалды ауданның қарқынды дамып келе жатқанын айтып, қаланың сол өсімнен қалмауын қадап айтты. Сапар қорытындысы бойынша әлеуметтік нысандардың құрылысын жеделдету, кіреберіс жолдарды жақсарту, инженерлік желілерге дер кезінде қосу, жұмыс сапасы мен мерзімін бақылауды күшейту, сондай-ақ, жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңінде іргелес аумақтарды көркейту сияқты тапсырмалар берілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





