Алматы әкімдігі сел қауіпі туындап тұрғанын растады

09:18, 14 тамыз 2019

Алматы әкімдігі сел қауіпі туындап тұрғанын растап, эвакуациялық пункттердің мекен-жайларын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 тамызда Наурызбай ауданында шағын сел ағып өтті.

- Тұрғындарға хабарлап үлгердік. Зардап шеккендер жиналатын орындар мен эвакуациялық пункттерді белгілеп қойдық. Энергетика қызметтеріне жарықты, газды өшіру туралы команда берілді. Ескерту жасап, тұрғындарды шығарып жатырмыз. Алматы қалалық ТЖ департаменті Әуезов пен Алатау аудандарында Қарғалы өзенінің бойындағы тұрғындар арасында хабарландыру жүргізуде. Қаланың барлық күштері тас-түйін дайын отыр, жақын маңдағы елдімекендерге қауіп жоқ, - делінеді әкімдіктің хабарламасында.

Эвакуациялық пункттер:

1. Ескі әкімдік. Жандосов - Рысқұлов;

2. Шәймерденов көшесіндегі 175 мектеп;

3. 158 мектеп. Жандосов - Яссауи.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!