Алматы – Бангкок рейсі Делиге шұғыл қонды

09:06, 18 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

Алматыдан Бангкокқа бет алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы техникалық себепке байланысты Делидегі әуежайға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"138 жолаушысы бар ұшақ 18 желтоқсанда сағат 01:00-де Алматыдан ұшып шығып, 05:51-де Делиге қалыпты жағдайда қонды. Барлық жолаушыларға тамақ берілді, уақытша визалар рәсімделді. Әуе компаниясы жолаушыларды қонақүйге орналастыру мәселесін шешіп жатыр. Сонымен қатар Бангкокқа ұшуды жалғастыру үшін резервтік әуе кемесі дайындалуда", – делінген хабарламада.

Әуе компаниясы WhatsApp арқылы байланысуға арналған жедел желі нөмірін ұсынды: +7 702 702 00 74.

Айта кетейік, 2025 жылғы 17 желтоқсан күні таңертең Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana әуе кемесінің экипажы салонда түтін пайда болуына байланысты MAYDAY дабылын жариялаған болатын. Кейін әуе компаниясы оқиғаның мән-жайын түсіндірді. Ал бұған дейін FlyArystan әуе компаниясының Астана – Алматы бағыты бойынша ұшағы екі рет тұраққа қайта оралып, ақырында ұшып кете алмаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!