Алимент төлемеген Қарағанды облысының тұрғыны 1 жылға сотталды
© Сурет: adyrna.kz
Қарағанды облысының жеке сот орындаушылары Қарағанды облысы Әділет департаментінің көмегі негізінде алимент бойынша міндеттемелерін орындамаған борышкерлерге қатысты қылмыстық жауапкершілкке тарту шараларын жүзеге асыруда, деп хабарлайды zakon.kz.
2021 жылғы 8 ақпанда Қарағанды облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен борышкер А.Т.Асанов (фамилиясы өзгертілген) Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139 бабына сәйкес кінәлі деп танылған.
Үкім бойынша борышкердің 1 жылға бостандығы шектеліп, тағайындалған барлық мерзімге пробациалық бақылау қойылып, жаза мерзімі бойында 100 сағат мәжбүрлеп еңбекке тартылған. Аталған үкім 2021 жылдың 23 ақпанынан бастап күшіне енді.
Борышкердің алимент бойынша берешек сомасы 3 250 021 теңгені құраған.
Сотталған борышкер бірнеше жыл бойы кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент бойынша өз міндеттерін орындамаған.
Сонымен қатар, 2020 жылы Қылмыстық Кодекстің 139 бабы бойынша 6 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын хабарлаймыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:12, 26 сәуір 2024
«Айбын» орденіне Нұрмағамбетовтің, Момышұлының және Қошқарбаевтың есімдері берілді
-
18:43, 26 сәуір 2024
Қызылорда облысында «Жасыл аймақ» апталығы аясында жалпыоблыстық сенбілік өтті
-
18:30, 26 сәуір 2024
Алматыда көші-қонды бақылау күшейді
-
18:21, 26 сәуір 2024
Тимофей Скатов «Челленджер» турнирінің жартылай финалында ойнайды
-
18:08, 26 сәуір 2024
Полиция екі күнде 300-ге жуық қылмыскерді ұстады – ІІМ