Алдағы күндері еліміздің барлық өңірінде күн жылынады

15:31, 18 сәуір 2018

Алдағы үш күнде Қазақстанға жылжып келе жатқан антициклонға байланысты республиканың басым аймақтарында жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасы көтерілуі ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

"21 сәуірге қарай оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күндізгі температура 18-23 градусқа дейін, шеткі оңтүстікте 25-28 дейін, шығыста және орталықта 13-21 дейін көтеріліп, солтүстікте 10-18 дейін жылынады.

Тек республиканың батыс облыстарында кезекті суық фронттың өтуіне байланысты жаңбыр және сулы қар түріндегі жауын-шашын, температураның төмендеуі күтілуде. Төмендеуіне қарамастан, алдағы үш күнде батыс аймақтарда температура орта көпжылдық мәнге жуық болады", - делінген баспасөз хабарламасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!