Алдағы күндері +35°C дейін ыстық болады

16:59, 16 қыркүйек 2019

Иран аймағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен республиканың оңтүстігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап

Күндіз термометрдің сынап бағанасы плюс 25…30°С дейін, кей жерлерде плюс 35°С дейін жоғарылайды. Оңтүстіктен келетін жылу солтүстік өңірлерге де жетеді. Кей жерлерде жаңбыр жаууына қарамастан, жылы болады, күндіз ауа температурасы плюс 20…28°С дейін жоғарылайды.

Тек батыс облыстарында Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронт ауа температурасының төмендеуіне ықпал етеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!