Алаяқтықтың жаңа түрі - қазақстандықтарға салық төлеу бойынша жалған хабарламалар таратылуда
© Сурет: pexels
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеу бойынша қазақстандықтарға мекеменің атынан жалған хабарламалар таралып жатқандығы туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның ақпаратынша, бүгінгі күні салық төлеушілердің электрондық мекен-жайларына жіберілетін "банк шоттарындағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алуды бұзушылықтарды жою туралы ескерту" деген тақырыппен жалған хабарламалар жағдайлары жиілеп кетті.
"МКК Мемлекеттік кірістер органдары қалыптастыратын барлық хабарламалар нормативтік-құқықтық актілермен бекітілгенін хабарлайды. ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарлама нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде жасалады" ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
МКК ақпараттық жүйелері хабарламаларды тек "салық төлеушінің кабинетіне", "электрондық үкімет" порталының жеке кабинетіне және E-salyq мобильді қосымшаларына жібереді.
Салық төлеуші хабарламалардың бір бөлігін бірден өзінің жеке кабинетінде КТС, ЭҮП немесе ESA, ESO-да көре алады. Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылған хабарламалар салық төлеуші қол қойылған PDF нысанын өзінің электрондық поштасына КТС немесе ЭҮП арқылы дербес сұратады.
"Осыған байланысты, МКК қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, қолма-қол ақша аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді". ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Сондай-ақ, қорытындылай келе МКК ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілердің электрондық пошталарына жіберу жүзеге асырылмайтындығын ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





