Алаяқтық жасағаны үшін 12 жыл жасырынған күдікті ұсталды
© Фото: pexels
2024 жылғы 17 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы ПД криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтықтың 13 эпизодын жасаған Р. азаматшасын ұстады.
2012ж. маусым айында күдікті Көкшетау қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмек көрсету сылтауымен алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде ақша қаражатын заңсыз иемденген.
"12 жыл бойы күдікті басқа атпен жасырынып, жалған құжаттарды қолданды." Ақмола облысының прокуратурасы
Қазіргі уақытта аталған тұлға тергеу изоляторына қамалды.
Жасалған қылмыс үшін күдіктіге мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:21, 15 қаңтар 2025
Қостанай облысында ірі қара мал жаппай өңдеуге өткізілуде
-
11:16, 15 қаңтар 2025
Хабиб Нұрмағамбетовтың ұшақтан түсірілуі: әуекомпания билет құнын қайтарды
-
11:08, 15 қаңтар 2025
Қазақстанда 15 қаңтардан бастап қасқыр атуға рұқсат алуға болады
-
10:59, 15 қаңтар 2025
Қапшағай тас жолындағы ірі жол апаты: полиция толық ақпарат берді
-
10:49, 15 қаңтар 2025
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілер тағы бір мәрте жеңіліс тапты