Алакөл демалыс орындары еуропалық талаптарға бейімделіп келеді
Көктемде Шығыс Қазақстан облысы бюджетінен 12 млн теңге бөлінген.
Сол қаржыға біраз шаруаның басы қайырылды. Негізінен көшелер абаттандырылды. Демалыс аумағындағы жолдар жөнделіп, жағажайлар қайта жасалды. Атқарылған жұмыстың сапасын облыс әкімі Даниал Ахметов арнайы барып тексерді.
Алакөлдің шығыс жағы биыл айтарлықтай өзгерген. Көл жағасына демалыс үйлерін салып, кәсібінен нәсіп тауып отырған іскер азаматтарға былтыр талапқа сай жұмыс істеу жүктелген. Ал облыс басшылығы қазынадан қаржы бөліп, жолдарды жөндеп, аулаларды абаттандырды. 150 млн теңгеге демалыс саябағы салынып, көлдің жағасы реттелді.
Жанна Жинақбаева, демалушы:
–Биыл біршама өзгеріс бар. Былтыр келгенде мұндай жағдай жасалмаған болатын.
Қазір көл жағасында 250-ге жуық демалыс орны бар. Жұмысы талапқа сай келмейтіндеріне былтыр кемшілікті түзету туралы ескерту жасалған. 95% сыннан қорытынды шығарып, кәсіптерін жалғастырған. Ал 24 туристік жайдың жұмысы әлі тоқтап тұр.Облыс әкімі Даниал Ахметов олардың өкілдерімен кездесіп, мәселені шешу жолдарын ұсынды.
Даниал Ахметов, облыс әкімі:
–Бізде тамаша келісім бар. Даму қорынан кәсіпкерлерге қаржы бөлеміз.Ол үшін кәсіпкерлер бізге кепілдік беру керек. Содан кейін біз несиенің жолын ашамыз.
Көлдің жағасы тағы кеңейтіледі. Үш жұлдызды қонақ үй және еуропалық үлгідегі мейрамхана салынады. Бұл жобаларды іске асыруда Үржар ауданы әкімдігіне бірқатар міндеттер жүктелді. Облыс басшысы аудандағы кәсіпкерлермен кездесіп, демалыс айлағын дамытудың жолдарын пысықтады. Былтыр Алакөлдің шығыс жағында 300 мың адам демалса, биыл тек шілдеге дейін 400 мың қонақ келген. Егер қолға алынған жұмыстар нәтижелі аяқталса, алдағы жылдары туристер саны 1,5 миллионға жетпек.
Авторлары: Олжас Керейхан, Дмиртрий Пыхтин
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:12, 18 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің концерті қазақстандық телеарнадан көрсетілді
-
12:08, 18 желтоқсан 2025
Үндістанда бұралқы иттер көшеде қалған тастанды сәбиді талап өлтірген
-
11:47, 18 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді
-
11:21, 18 желтоқсан 2025
Жоғалып кеткен ұшақ 13 жылдан кейін Үндістанда табылды
-
11:17, 18 желтоқсан 2025
Мәскеуде үйде толғатқан әйелдің шақалағы дүниеге келісімен шетінеп кетті - босандырған әйел қамауға алынды





