Ақтөбеде жол белгілерін салуға бөлінген ақшаны талан-таражға салған шенді ұсталды
© Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе қаласының прокуратурасы жол белгілерін салуға бөлінген 272 млн теңгенің жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство "Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы" КММ директоры бюджет қаражатын жымқырғанын нақтылайды.
Тергеу мәліметтері бойынша, директор қызметін пайдаланып мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде 272 млн теңгеге жол белгілерін салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған.
Директордың әрекеті ҚР ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланып (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), оған қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі таңда қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:13, 9 қаңтар 2025
Сенат ЕАЭО кеңістігінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялады
-
10:57, 9 қаңтар 2025
Полиция Нельсон Манделаның немересін тұтқындады
-
10:46, 9 қаңтар 2025
Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
10:38, 9 қаңтар 2025
«Заң және тәртіп» идеологиясы: Жамбыл облысындағы студенттердің бастамасымен тәрбиелік форум өтті
-
10:31, 9 қаңтар 2025
Түркияда оқу ұшағы апатқа ұшырады