Колумбиядағы жер сілкінісіне байланысты футбол чемпионаты уақытша тоқтатылды
© Сурет: Instagram/dimayoroficial
Колумбияның батысында болған жойқын жер сілкінісінен кейін елдің футбол чемпионаты уақытша тоқтатылды. Бірнеше сағат бұрын футбол ұйымының өкілдері осы жағдайға байланысты арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Колумбия футбол чемпионатының жаңа маусымы жуырда басталып, командалар небәрі төрт тур өткізіп үлгерген еді.
Алайда қайғылы оқиға турнир ұйымдастырушыларының жоспарына өзгеріс енгізді. Осыған байланысты олар жанкүйерлерге үндеу жолдады.
"Елдің қалалары мен өңірлеріндегі жағдайды бағалай келе, осы аптада чемпионат аясындағы барлық іс-шараны уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл шешім, ең алдымен, бүгінде қиындыққа тап болған жандарды қолдауға деген ұстанымымыздан туындап отыр. 36 клубтың барлығы зардап шеккен елді мекендерге көмек көрсету және оларды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысады. Олар осы төтенше жағдайда елге қолдау білдіру үшін өз мүмкіндіктері мен ресурстарын жұмылдырады. Бүгін футбол күте тұрады. Дәл қазір Колумбияға біздің көмегіміз қажет", – делінген Колумбияның Кәсіби футбол лигасы таратқан мәлімдемеде.
Магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі Чоко департаментіндегі Сан-Хосе-дель-Пальмар қаласына жақын жерде болды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 111 адамға жеткен. Ең көп шығын Перейра және Манисалес қалаларында тіркелді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:21, 11 тамыз 2026
Ұлытау облысында «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған алты кездесу өтті
-
11:05, 11 тамыз 2026
Ақтөбеде 26 жасар жігітті тойда өлтіріп кетті
-
10:55, 11 тамыз 2026
10 күнде 70 әрекет: ҰҚК Қазақстаннан заңсыз әкетілмек болған шетел валюталарын көрсетті
-
10:42, 11 тамыз 2026
Грузияда ауырсынуды басатын дәрімен ұсталған қазақстандық 15 жылға темір торға тоғытылуы мүмкін
-
10:37, 11 тамыз 2026
Қазақстандықтарға пластик пакеттерге қатысты үндеу жасалды





