Ақтөбеде жағалауға топырақ опырылып, екі бала зардап шекті

09:39, 23 шілде 2018

Балаларды куәгерлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Baq.kz ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.

22 маусымда сағат 12:47-де Ақтөбедегі суқойманың «Інжу» деп аталатын жекеменшік жағалауында демалушылар жүрген жерде топырақ опырылған.

Куәгерлер сол жерде жүрген 2017 және 2016 жылы туған екі қызды құтқарып қалды. Олар әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. ТЖК-ның апатты жағдайдағы медицина орталығының қызметкерлері зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Сондай-ақ, оқиға орнына Ақтөбе облыстық ТЖД-ның жедел-құтқару отрядының құтқарушылары барды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!