Ақтөбеде су тасқыны кезінде күні-түні жұмыс істеген жүргізушілер айлықтарын ала алмай жүр
© Сурет: видеодан алынды
Ақтөбеде ассенизатор көліктерінің жүргізушілері екі айдан бері жалақы ала алмай жүр. 51 адам көктемгі су тасқыны кезінде де күні-түні жұмыс істеген. Бірақ адал еңбектерінің ақысын олар сол күйі алмапты, деп хабарлайды Zako
Astana.tv мәліметінше, қалалық әкімдіктің қара жұмысшылар алдындағы қарызы - 50 млн теңге.
"Ақтөбенің сыртында мал базардың басында жинапалып: "Ақшаларын дайын, шоттарына түседі" деп айтты. Дегенмен айтқан сөзде тұрмады. Екі фирма бір-бірімен келісімге келе алмай, ортада зардап шегіп жүрген біз боламыз". Көлік жүргізуші Данияр Жәрекешов
Қазір еңбекақысын 51 адам ала алмай отыр. Әр қайсысы 300 мыңнан бастап 700 мың теңгеге дейін ақы төленуі тиіс. Жалпы сомма 50 миллионға жетіп жығылады.
"Отбасымыз, бала-шағамыз бар. Техникамыз сынып тұр. Соны жасататын да ақшамыз жоқ". Көлік жүргізуші Әділ Амандық
Жиналғандар әкімдікке алдандық дейді. Өйткені бұлар қызмет ететін мекеме әуелі тендерді ұтып алған. Бірақ артынша шенділер тексеріс ұйымдастырып, құжаттардан олқылық тауыпты. Ақыры, бәселекес компания тендерді ұтып кеткен.
"Ақыры біз тендерді ала алмай қалдық. Бірақ су тасқыны кезінде наурыздың 19-на дейін жұмыс істедік. Сол ақшамызды әлі ала алмай отырмыз. ТҮШК бізге нақты сомманы айтпай отыр. Біздің есебімізше, 50 млн теңге берешек. Мен бүкіл құжаттарды толықтай тапсырдым". "Дезинфекция" АҚ өкілі Валерий Максаков
Ал әкімдіктегілердің өз уәжі бар. Ол әр тендерді ұтып алған мекемеге қаражатты толық аударған. Келісім бойынша ол мекеме ақы төлеуі тиіс еді. Бірақ қажетті құжаттар тапсырылмағандықтан, ақысы төленбей отырғанын айтады.
"Бұл жігіттің барлық құжаттарын уақтылы әр сағаттың әр аумақта жұмыс істегені туралы толығымен көрсету керек бізге. Себебі бұл төлемдер бойынша бюджеттік қаражат болғандықтан біздер барлығын уақытын, атқарылған аумақтарды тексеру жүргіземіз. Соны жүргізу үшін бізге толыққанды ақпарат болмағандықтан осындай сұрақ туыңдап тұр". Қалалық ТҮКШ Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Жомарт Бақыткелді
Көлік жүргізушілері қалалық прокуратураға да шағымданған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





