Ақтөбеде өрттен 36 жастағы ер адам көз жұмды
Тілсіз жау тағы бір адамның өмірін жалмады. Ақтөбелік өртсөндірушілер 36 жастағы ер адамның денесін үйінді арасынан алып шықты. Қалада жыл басталғалы бір аптаның ішінде он өрт оқиғасы тіркелген. Көп жағдайда қызыл жалын газ баллондарын дұрыс пайдаланбаудан және электр желілеріндегі ақаудың кесірінен туындаған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Қызыл жалын біздің артымыздағы үйдің 100 шаршы метр аумағын шарпыған. Көршілер мұнда пәтер жалдаушылар тұрғанын айтады. Олардың барығын қауіпсіз жерге көшірген. Екі адам ауруханада жатыр.
Екі қабатты үйдің шатыры түгел жанып, ортасына түсіпті. Өртті мамандар бір сағатта әрең сөндірген. Иіс тиіп уланған 48 жастағы әйел мен 62 жастағы ер адам ауруханада жатыр.
Әсия Сағындықова, тұрғын:
Көшеден біреу келді де, жанып жатыр, әже, өтеніп жатыр деді. Шықсам, көкала түтін. Қорқып, айналаға шауып, үйдегіні шығарып, әуре болдық. Документтерді алып, әуре болдық солай.
Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Мамандар анықтап жатыр. Тұрғындар болса жалдамалы пәтердегі ішкілікке жақын көршілерінің әрекеті әбден мезі еткенін айтады. Абырой болғанда өрт сөндірушілер қызыл жалынның жапсарлас үйлерге таралуына жол бермепті.
Айбат Жаңабергенов, қалалық ТЖБ басшысы:
Жыл басынан бері 10 оқиғасы тіркелді. Оның ішінде сегізі осы тұрғын үйлерде болып отыр. Көбінесе, өрттердің себебі электр монтаждау құрылғыларын жою жәнеотты абайсызда қолдану болып отыр.
Бұған дейін Қобда аулында газ баллоны жарылып, екі адам күйікпен ауруханаға түскен еді. Мамандар өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:55, 1 мамыр 2026
Қазақстан бойынша 2 мамырға дауылды ескерту жарияланды
-
17:36, 1 мамыр 2026
БҰҰ: Ормуз ашылмаса, инфляция шарықтайды
-
17:13, 1 мамыр 2026
Маңғыстау полициясында 50-ден астам ұлт өкілдері қызмет етеді
-
16:56, 1 мамыр 2026
Алматыда жаппай төбелес адам өлімімен аяқталды
-
16:40, 1 мамыр 2026
Алматы ауа райы құбылмалы: жаңбыр, жел және кенет жылыну күтіледі





