Ақтөбеде куәгерден ақша бопсалаған екі әскери тергеуші сотталды
© Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе гарнизонының әскери сотында куәгерден ақша бопсалады деп айыпталған екі тергеушіге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ Әскери тергеу басқармасының Батыс өңірлік басқармасының бастығы мен аға тергеушісі 1 млн теңге көлемінде ақша бопсалады деген айып бойынша кінәлі деп танылды.
Сотта 2024 жылғы желтоқсан айында олар алдын ала сөз байласу арқылы куәгер Т-дан 1 000 000 теңге мөлшерінде пара талап еткен. Олар пара бермеген жағдайда оны жұмыстан шығару және өзге де салдарлармен қорқытқан. 24 желтоқсанда екеуі де 700 000 теңге алып жатқан сәтінде уәкілетті органдардың қызметкерлерімен ұсталды.
Сотталушылар өз кінәсін толық мойындамады. Алайда, олардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, тергеу материалдары және сараптама қорытындыларымен дәлелденді.
"Сот үкімімен Батыс өңірлік басқармасының бастығы 9 жылға, ал аға тергеуші 8 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасына кесілді. Сонымен қатар, екеуі де өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Олардан әскери шендері де алынды", делінген Әскери соттар хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін БҚО-да кісі өлтірді деп айыпталған СОБР-дың экс-қызметкеріне қатысты сот үкімі шыққанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





