Ақтөбеде ірі көлемдегі заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді
© Сурет: Polisia.kz
Ақтөбе облыстық полиция депарментінің 2026 жылғы 11 тамыздағы дерегі бойынша, заңсыз айналымнан 2,5 мыңнан астам бөтелке алкологь тәркіленді, - деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі уақытта алкологь өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы рейдтік жұмыстар күшейтілген.
Полицияның мәліметінше, алкоголь сатуға берілген 314 лицензия тоқтатылса, 42 кәсіпкердің алкоголь сатуға арналған лицензиясын қайтарып алу туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және тиісті құжаттарсыз алкоголь сату фактілері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабымен 214 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 161-і лицензиясыз алкоголь өнімдерін өткізген.
Жыл басынан бері 21 жасқа толмаған азаматтарға, сондай-ақ түнгі уақытта алкоголь сату бойынша 356 құқық бұзушылық анықталған.
Біздің басты мақсатымыз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына жол бермеу. Әсіресе 21 жасқа толмағандарға және түнгі уақытта алкоголь сатуға қатысты талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. Заң талаптарын бұзған әрбір тұлға белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады. Бұл бағыттағы профилактикалық және рейдтік жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, – деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Нұрлыбек Сентаев.
Ақтөбе облысы ПД өкілінің айтуынша, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына жол бермеу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы профилактикалық іс-шаралар әрі қарай жалғасады.
Полиция сауда нысандарының иелерін алкоголь өнімдерін сату кезінде заң талаптарын сақтауға шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 5 қыркүйек 2026
6 қыркүйекте қай өңірлерде ауа райы байланысты ескерту жасалды
-
18:18, 5 қыркүйек 2026
Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын бақылап отыр
-
18:05, 5 қыркүйек 2026
7-30 қыркүйекте үш облыста әскери техника жүріп өтеді: Қорғаныс министрлігі ескерту жасады
-
17:33, 5 қыркүйек 2026
1,5 млн долларға жылжымайтын мүлік сатып, қашып кеткен: Грузиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды
-
17:01, 5 қыркүйек 2026
6 қыркүйекте елдің кей өңірлерінде жаңбыр мен қар жауады





