Президент Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған мерейтойлық кешке қатысушыларды құттықтады
© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Астанада Қазақстанның халық әртісі, көрнекті опера әншісі Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған "Ғасыр дауысы" атты музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтойлық концертке қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын ҚР премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді. Құттықтауда Ермек Серкебаевтың ұлттық өнердің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан бірегей дарын иесі екені айтылған. Президент біртуар тұлғаның қазақ және әлемдік опералардың таңдаулы партияларын асқан шеберлікпен орындап, төл мәдениетіміздің абыройын халықаралық сахналарда асқақтатқанын айтты.
"Әйгілі өнер перзенті Ермек Серкебаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін мерейтойлар тізіміне енгізілді.Ермек Бекмұхамедұлы біртуар әнші әрі ұлағатты ұстаз болды. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұзақ жыл қажырлы еңбек етіп, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Осылайша, қайталанбас қолтаңбасы бар ән мектебін қалыптастырды.Дара тұлғаның ғасыр тойы – ұлттық мерей. Оның өрелі өнері, бекзада болмысы – өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Сондықтан, Ермек Серкебаевтай ұлт перзентінің есімін ұлықтау, оның мұрасын дәріптеу баршаға ортақ міндет екені анық", делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
Мерейтойлық кешке Ермек Серкебаевтың отбасы мүшелерінің қатысты. Сахнада Мұрат Серкебаев, Байғали Серкебаев және Жәмилә Серкебаева өнер көрсетті. Бұл ұрпақтар сабақтастығын дәріптеудің, қазақ музыка өнерінің тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырған дара тұлғаның рухани мұрасына көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі болды.
Шығармашыл әулеттің өкілі Мұрат Серкебаев Мемлекет басшысының мәдениет саласына көрсетіп отырған қолдауына ризашылығын білдіріп, мерейтойлық кештің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Өз кезегінде музыкант әрі продюсер Байғали Серкебаев бұл кештің отбасы үшін ғана емес, Ермек Серкебаевтың шығармашылығын қадірлейтін барша жұрт пен өнер қауымы үшін де орны бөлек екенін айтты.
Кеш барысында Ермек Серкебаевтың репертуарындағы қазақ музыка өнерінің алтын қорына енген шығармаларымен қатар, көпшілік сүйіп тыңдайтын әндердің заманауи өңдеудегі нұсқасы орындалды.
Мерейтойлық кеш соңында қатысушыларға Қазақстан Республикасы президентінің атынан ықылас гүлі табысталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:51, 4 шілде 2026
ТЖМ сел қаупі туындаған кездегі қауіпсіздік ережелерін еске салды
-
10:41, 4 шілде 2026
Ертең - Ұлттық домбыра күні
-
10:27, 4 шілде 2026
Футболдан ӘЧ-2026: Мысыр Австралияны жеңіп, алғаш рет 1/8 финалға өтті
-
09:58, 4 шілде 2026
«Ауа райы күрт нашарлайды». Алматы бойынша бір аптаға арналған ауа райы болжамы
-
22:51, 3 шілде 2026
Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен U20 Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды








