Ақтөбеде бұрынғы сүйіктісін аңдып, психологиялық қысым көрсеткен ер адам ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Ақтөбе облысында аудан тұрғыны бұрынғы танысының мазасын қашырғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылуда.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталғандай, бұрын өзі кездескен әйелмен айырылысқаннан кейін ер адам оның шешімімен келісе алмаған.
Әйелдің онымен үш жыл бұрын қоштасып, өзге ауылға қоныс аударғаны да 42 жастағы ер адамның қысымына кедергі болмаған. Ол әйелге әртүрлі телефон нөмірлерінен қайта-қайта қоңырау шалып, балағаттаған, моральдық және психологиялық қысым көрсеткен. Бұдан бөлек, жәбірленуші тұратын елдімекенге барып, үйін аңдыған.
Жұмыс орнына да келіп, әйелдің әріптестері арасындағы беделіне нұқсан келтіруге тырысқан. Полиция сталкинг фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Күдікті ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындап, мұндай әрекетке махаббат себеп болғанын айтып ақталды.
Полиция азаматтарға ескертеді: адамның жеке өміріне қол сұғу, оның еркіне қарсы қайта-қайта байланысқа шығу, аңду және психологиялық қысым көрсету заңмен жазаланады. Мұндай әрекеттерді "махаббат" немесе жеке қарым-қатынастармен ақтауға болмайды. Кез келген азаматтың қауіпсіздігі мен жеке шекарасы заңмен қорғалады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 7 тамыз 2026
Қазақстанда музей қорын қалыптастыру қағидалары өзгерді
-
12:58, 7 тамыз 2026
Қазақстанға кеспе тас, жиектастар мен гранит әкелуге тыйым салынды: тізбе нақтыланды
-
12:47, 7 тамыз 2026
ІІМ құжаттарды ресімдеуге байланысты қызмет түрлерін бекітті
-
12:34, 7 тамыз 2026
Алматының Түрксіб ауданында демалыс күнгі жәрмеңке ашылады
-
12:23, 7 тамыз 2026
Міндеттері нақты бөлінген: ҚМА мен ҰҚК 13 адамды ұстады





