«Ақтөбе» – «Ордабасы» матчындағы дау тудырған плакат оқиғасы немен аяқталды

18:21, 19 қазан 2026
MKZ: 1573202

© Сурет: Instagram/polisia_aqtobe

2026 жылғы 19 қазанда Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі "Ақтөбе" – "Ордабасы" матчында көрсетілген даулы плакатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция "Ақтөбе" мен "Ордабасы" командалары арасындағы футбол матчы кезінде қыздардың жағымсыз мазмұндағы плакат көрсеткені түсірілген жарияланымды анықтаған.

"Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтады. Ата-аналарының қатысуымен олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандар өз әрекеттерінің жол беруге болмайтынын түсінді". Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар полиция ата-аналарды бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуге, оларға қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері мен құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілікті түсіндіруге шақырды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!