Қазақстан Азия Пара ойындарында тағы он медаль жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия Пара ойындарында тағы он медаль еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Анастасия Калаус әйелдер арасында 4000 метрге жекелей із кесу жарысында күміс жүлдеге ие болды. Дәл осы қашықтықта ерлер арасында Кирилл Ильюкевич қола медальға ие болды.
Дзюдодан Әлфия Тілекқабыл J1 санатында 52 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алды.
Еламан Жоламан ядро серпуден F35 санатында жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Пара пауэрлифтингтен Тұрсынай Қабыл 41 келіге дейінгі салмақта күміске ие болды. Ал ерлер арасында Станислав Шакиев 59 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені қанжығасына байлады.
Жүзуден Диас Кенжебек S10 санатында 100 метрге еркін стильде жүзуден күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ұлттық құрама 20 ұпайлық санатта 4х50 метрге кешенді жүзуден аралас командалық сайыста екінші орын алды.
Роман Потапов S11 санаты бойынша 100 метрге шалқалай жүзуден қола алды. Виктор Волков S13 санаты бойынша 100 метрге еркін стильде жүзуден үздік үштікті түйіндеді.
Осылайша, ұлттық құрама қоржынында үш алтынды қоса есептегенде 15 медаль бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:37, 19 қазан 2026
Қазақстан күрестен U23 әлем чемпионатын жеті медальмен аяқтады
-
20:13, 19 қазан 2026
Қазақстанда халықаралық онлайн-платформа бұғатталды
-
20:08, 19 қазан 2026
Қазақстан аспанында 173 жолағы бар ұшақ апат дабылын іске қосты
-
19:48, 19 қазан 2026
Қазақстандық семсерлесушілер әлемдік рейтингіде алғаш рет көш бастады
-
19:18, 19 қазан 2026
Кукушкин кәсіби мансабын аяқтады





