Ақтөбе облысының прокуратурасы бюджет қаражатының заңсыз жұмсалғанын анықтады

© Сурет: gov.kz
Ақтөбе қаласының прокуратурасы жол белгілерін салуға бөлінген бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство мәліметінше, 2023 жылы "Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы" КММ (бұдан әрі - Орталық) мен серіктестіктердің бірі арасында Ақтөбе қаласының жолдарында жалпы сомасы 213,3 млн теңгеге жол белгілерін орнату туралы шарт жасалған. Шарт бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін орталық көрсетілген соманы толығымен төлеген.
"Шарттың талаптарына сәйкес 3 айдың кепілдік мерзімі ішінде серіктестік бұзылған белгілерді өз есебінен қалпына келтіруге міндетті. Алайда, тексеру барысында аталған орталықпен кепіл мерзімі ішінде бұзылған белгілерді қалпына келтіргені үшін серіктестікке жалпы сомасы 45,5 млн теңгеге бюджет қаражаты заңсыз аударылғаны анықталды. Ақтөбе қаласының прокуратурасы жоғарыда айтылғандарды негізінде, ҚК-тің 361-бабының 1-бөлігі (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады", делінген 17 сәуірде жарияланған хабарламада.
Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу және процестік шешім қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданғаны да нақтыланады.
Айта кетсек, 17 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ХҚКО-ларға жүргізілген арнайы мониторинг нәтижелері бойынша бюджетке түсетін түсімдер 10,6 млрд теңгеден 91,3 млрд теңгеге дейін ұлғайғанын хабарлады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:20, 9 ақпан 2025
27 градусқа дейін аяз, бұрқасын мен тұман: Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жасалды
-
16:56, 9 ақпан 2025
Алматыда көшенің қақ ортасында көлік өртеніп кетті
-
16:15, 9 ақпан 2025
Алматыда қоймадан өрт шықты
-
15:56, 9 ақпан 2025
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты
-
14:38, 9 ақпан 2025
Ақтөбе облысында 13 ірі қара мал тиелген көлік қар құрсауында қалып қойды