Ақтөбе облысында жол апатынан көлік өртеніп, жүргізушісі қайтыс болды

23:42, 20 наурыз 2023

© Сурет: видео скрині

Ақтөбе облысында жол апатынан көлік өртеніп, жүргізушісі қайтыс болды. Полиция тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 20 наурызында Самара – Шымкент автожолында Газель автокөлігі Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан ГАЗель автокөлігі өртеніп, 32 жастағы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!