Ақтөбе мен Қарағандыда сіріңке тапшы. Баға бір сәтте алты есеге өскен

10:41, 23 қыркүйек 2020

Ақтөбе мен Қарағандыда сіріңке тапшы. Сатушылар бұл тапшылықтың немен байланысты екенін топшылай алмай дал, деп хабарлайды zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша,елімізде сіріңке бағасы күрт артқан. Бұрын 10 теңге тұратын бір қорап сіріңкенің бағасы Ақтөбеде, мәселен 65-70 теңгеден сатылып жатыр.

Оңай Сәрсенғалиева, сатушы:

- Сіріңке жоқ. Халықтың сұранысы көп. Неге сіріңке жоқ, сол бізге түсініксіз. Бағасы қымбат, 65 теңгеден.

Бұрын дүкеншілер қорабы 10 теңге тұратын сіріңкені қайтарма ақшаның орнына беретін. Қазір сұрасаң да таба алмайсың. Ақтөбенің кейбір сауда орындары қорындағы сіріңкенің құнын қымбаттатып үлгеріпті. Мұнда көтерме бағамен алғанның өзінде он данасы 65-70 теңге тұрады. Тек Ақтөбеде ғана емес Қарағандыда да осындай жағдай. Ол жақта сіріңкенің бағасы отыз пайызға қымбаттады. Саудагерлердің айтуынша, бағаны бұлар емес, сіріңке өндіретін Череповецтегі зауыт көтерген. Ал елімізде сіріңке шығаратын өндіріс орны жоқ. Сондықтан Қазақстанға сырттан тауар жеткенше, жол пұлының құны қосылып, осындай бағаны құрап отыр.

Тоқан Нұрбаев, саудагер:

- Елімізде сіріңке шығаратын өндіріс орны жоқ. Барлығын Ресейден алып келеміз. Ол жақ бағасын көтерген соң, бізде де қымбаттап кетті. Клиенттер шағымданып жатыр. Бірақ біз не істей аламыз?


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!