Ақтаулық оқушы қыздар өмірге қауіп төндіретін ойын ойнаған
© Фото: Zakon.kz
Ақтауда 7-сынып оқушылары қатысқан аса қауіпті ойын жұртты алаңдатып отыр. Әлеуметтік желілерде тарап кеткен видео көпшіліктің үрейін ұшырды. Онда бірнеше қыз оқушының кеуде тұсын қысып, салдарынан бірі есінен танып қалған сәті анық көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл оқиға 21 сәуірде Instagram желісінде жарияланған. Lada.kz ақпаратынша, кадрлар қала мектептерінің бірінде түсірілгені белгілі болды. Желі қолданушылары оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп, жағдайға қатысты жауаптылардан нақты шаралар қабылдауды талап етуде.

Сурет: lada.kz
Маңғыстау облыстық білім басқармасының мәліметінше, оқиға 18 сәуірде Ақтаудағы мектептердің бірінде болған.
"Мектептің қыздар дәретханасында 7-сынып оқушылары қатысқан қауіпті физикалық әрекет тіркелді. Қазір жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Мектеп психологтары да тартылды. Бұл іс кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында қаралады. Сонымен қатар, білім бөлімі мектеп директорының әрекетіне қатысты тәртіптік шара қолданды", – деп хабарлады ведомство.
Оқушылар ойнаған "собачий кайф" деп аталатын бұл "ойын" – соңғы жылдары әлем бойынша таралып жатқан аса қауіпті әрекет. Оның мәні — жасанды түрде миға оттегіні шектеу арқылы аз уақытқа "галлюцинация" немесе "рахат сезімін" сезіну. Алайда бұл ойында ешқандай "рахат" жоқ.
"Бұл — нағыз өмірмен ойнау. Бар болғаны 10–20 секунд ішінде адам есінен танып қалуы мүмкін. Ал оттегі жетіспеушілігі (гипоксия) мидың жұмысын бұзып, ауыр неврологиялық салдарға, тіпті өлімге алып келуі мүмкін",- деп жазды басылым.
Айта кететіні, 1995–2007 жылдар аралығында АҚШ-та осындай "ойыннан" кем дегенде 82 бала көз жұмған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:08, 20 желтоқсан 2025
Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:43, 20 желтоқсан 2025
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілмейді
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады





