Ақтаудағы ұшақ апатын халықаралық 17 сарапшы зерттейді

11:47, 29 желтоқсан 2024

© Сурет: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Ақтауға ұшып барды, деп хабарлайды Zakon.kz Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) бас хатшысының тапсырмасына сәйкес, 2024 жылғы 29 желтоқсанда Ақтауға арнайы бақылаушы — авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Тормодур Тормодсон ұшып келді.

"ИКАО Қазақстанның авиациялық билік өкілдерінің тергеп-тексеру барысындағы ашықтығы мен мүдделі мемлекеттермен өзара әрекетін жоғары бағалады". Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда 17 халықаралық сарапшының барлығы Ақтауда.

Еске салайық, кеше, 28 желтоқсан күні, сағат 23:30 шамасында Ақтаудан әуе апатында қаза тапқан 24 Әзербайжан азаматының (оның ішінде үшеуі экипаж мүшесі) денесі еліне жөнелтілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!